Ақпаратты есте сақтаудың тиімді тәсілі

Мамандардың пайымдауынша, қабылданған қандай да бір мәліметті есте сақтап қалу үшін, оны біреуге айтып беру қажет. Нәтижесінде, бұл ақпарат пен оның егжей-тегжейлі мән-жайы тіпті бір аптадан кейін де адамның есінде тұрады.

Ғалымдар мұндай тұжырымға студенттермен өткізілген зерттеуден кейін келген. Оларға жарты сағат бойы 40 фильмнің 24-секундтық роликтері көрсетілді. Экспериментке қатысушылардың шарты — видеода көрсетілген жалпы сюжетті, сондай-ақ түрлі ұсақ-түйектерді, мәселен, дыбыстарды, түстер мен кейіпкерлердің қимылдарын есте сақтап қалу болды.

Соңында, видеоны қарап шыққаннан кейін онда қамтылған ақпаратты бір-біріне айтып беріп отырған студенттер берілген тапсырманы үздік орындап шықты.

ДереккөзInform.kz