Қазақстаннан Калининградқа әуе қатынасы ашылды

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан – Калининград және Алматы – Калининград бағыттары бойынша әр бағытта аптасына 1 рейстен ашуға рұқсат берді.

Boeing-737 әуе кемесімен тұрақты рейстерді 2021 жылғы 4 қарашадан бастап Ресейдің «Северный ветер» әуе компаниясы жүзеге асырмақ. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Калининград бағытында сенбі күндері, Алматы – Калининград бағытында бейсенбі күндері ұшады», – делінген Telegram каналында.

Рейстер әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да