Air Astana әуе компаниясының хабарлауынша, KS 863 ұшағы «Алматы-Ақтөбе» рейсін орындауы керек болған. Бүгін 05.30-да Алматы әуежайынан ұшып кеткен.
Техникалық себептерге және келу әуежайында техникалық қызмет көрсетілмеуіне байланысты ұшақ командирі ұшу әуежайына қайтуды шешті. Қону қалыпты жағдайда орындалды, — делінген хабарламада.
Әуе компанисының баспасөз қызметі рейс 15.40-та қайта ұшатынын, жолаушыларға тамақ пен сусын берілетінін хабарлады.
