Мемлекет басшысы Гвардейский кентіндегі спорттық-сауықтыру кешеніне барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президентке спорт нысанында екі ауысымда 120 адам жаттыға алатыны жөнінде айтылды. Спорт кешенінде волейбол, футбол, күрес, бокс, таэквондо және каратэ залдары бар. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында нысан құрылысына республикалық бюджеттен 431 миллион теңге бөлінген. Аталған жобаның мақсаты – жергілікті тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы жас спортшыларға табыс тілеп, оларға тренажер жабдықтарын сыйға тартты.

dsc 9644 2 Мемлекет басшысы Гвардейский кентіндегі спорттық-сауықтыру кешеніне барды

frame 000744 Мемлекет басшысы Гвардейский кентіндегі спорттық-сауықтыру кешеніне барды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да