Басты бет / Жаңалықтар /
Мектеп. Карантин
Фото: Еdu.mcfr.kz

Шымкентте 291 сынып карантинге жабылды

Оқушылардың 146-сы жазғы демалыс кезінде сырқаттанып бастаса, 341-оффлайн сабақ кезінде ауру жұқтырған.

2021-2022 оқу жылының басынан бастап 29 қыркүйекке дейін оқушылар арасында КВИ-дің 487 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 146 оқушы жазғы демалыс күндері ауырған, сондықтан мектепке бармады. Ал сырқаттанудың 341 жағдайы оффлайн форматта оқитын оқушыларда тіркелді. Оқу жылының басынан бастап 100 мектепте 291 сыныпта карантин белгіленді. Бүгінгі таңда қаланың 84 мектебінде 189 сыныпта карантин белгіленген, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сонымен бірге ол Ashyq жобасы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Қала бойынша Ashyq жобасына 8 571 нысан енген. «Қызыл» және «сары» статусы бола тұрып нысандарға барған жеке тұлғалар туралы 2 421 хабарлама түсті. Шымкент бойынша анықталғаны – 2089. Басқа облыстардан келіп анықталған жеке тұлғалар – 332 адам. Олар бойынша санитариялық-профилактикалық іс-шаралар атқару үшін аумақтық департаменттерге хаттар жолданды. Карантин режимін сақтамаған 488 жеке тұлғаға 21 074 005 теңгеге айыппұл салынды. Бұл жұмыс жалғасуда, – деді Шыңғыс Мұқан.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram