Қасым-Жомарт Тоқаев  Владимир Путинге ризашылығын білдірді

Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге ризашылығын білдірді.

Ресей қайтарымсыз негізде дәрі-дәрмек заттарын жеткізіп, тест-жүйесін ұсынды. Қазақстандық азаматтарды эвакуациялауға жан-жақты көмек көрсетті. Бірнеше апта бойы ресейлік дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен иық тірестіре жүріп, ең күрделі өңірлерде жұмыс істеді, өздерінің кәсіби міндеттерін адал атқарды, – деді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге президент Ресей тәжірибесін және білімін бөліскенін атап өтті.

Осынау кезеңде ынтымақтастығымыздың жеке маңызды кезеңі біздің жүзбе-жүз уағдаластығымызды жүзеге асыру үшін Қарағанды фармацевтикалық кешені базасында Спутник V вакцинасы өндірісінің іске қосылуы болды. Мұның барлығы да Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесі, одақтасы екенін дәлелдеді, – деді Президент.