Президент экологиялық мәселелер екі елге де ортақ екенін айтты

Құрметті формуға қатысушылар, бүгінгі фоумның тақырыбы – экология мен жасыл даму саласындағы әріптестік. Шынымен де, бұл тақырып маңызды әрі кейінге ысыруға болмайтын сипат алып келеді. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан өз аумағында ғана емес, бүкіл өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту бойынша бірқатар ірі халықаралық жобаны іске асырды. Бұл – әлемдегі ірі ядролық полигонды жабу, Арал теңізін қорғау және Каспийді сақтау бойынша ауқымды бағдарламаларды іске асыру жобалары, – деді президент.

Президент экология мен биоалуандықты сақтау мәселелеріне еліміздің үлкен маңыз беріп қарайтынын ескертті.

Қазақстан мен Ресейдің экологиялық мәселелері өте ұқсас. Бұл – ауа мен судың, топырақ ластануының жоғары деңгейі, радиациялық және өнеркәсіптік қалдықтардың қордалануы. Көршілес жатуымызды ескерсек, біздің проблемалар екі елге де ортақ деуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.