Асхат Аймағамбетов: Қазақстан мектептеріне үш мыңнан аса мұғалім жетіспейді

Бүгінде елімізде мұғалім тапшылығы сезілетін мектептер бар. 1 қыркүйек күні Қосшыдағы мектепте болдым. Бұл мектепте бала көп және олар үш ауысымда оқиды. Оның шешімі де бар. Осы жылы Қосшыда бір мектеп және келесі жылы тағы бірнеше мектеп салынады. Осылайша, Қосшыдағы мектептегі оқушылар орны тапшылығы шешіледі, — деді Асхат Аймағамбетов.

Министр атап өткендей, мемлекет басшысы 2025 жылға дейін кемінде 1 000 мектеп салуды тапсырды.

Сонымен бірге Асхат Аймағамбетов мұғалім тапшылығы әсіресе ауыл мектептерінде байқалатынын айтты.

Осы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 3 мыңнан аса педагог вакансиясы бос тұр. Бұл еліміздегі 350 мың мұғалім айтарлық көп емес екенін көрсетеді. Мұғалім жетіспеушілігі әсіресе шағын жинақталған ауыл мектептерінде байқалады. Сондай-ақ мұғалім жетіспеушілігі сезілетін үш өңірді атауға болады. Олар – Атырау, Алматы және Түркістан облыстары, — деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, бұл өңірлерде 400-ден 600-ге дейінгі бос орын бар. Асхаь Аймағамбетов 1 000 мектепті салудағы негізгі міндет педагогтарды даярлаумен байланысты екенін атады.

Яғни мектептерді салған кезде тек инфрақұрылым ғана емес, сонымен бірге педагогтарды да дайындау қажет. Бүгінде білім беру бағдарламаларын жаңартып жатырмыз. Педагогика мамандығына гранттар саны да артып жатыр, — деді министр Асхат Аймағамбетов.