Өскеменнен еліміздің үш қаласына әуе рейстері қайта ашылды

Бұл туралы Qazaq Air әуекомпаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Мына рейстер жоспарланған:

Өскемен — Нұр-Сұлтан аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі). Билет құны 16 041 теңгеден басталады.

Өскемен — Алматы аптасына 4 рет (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі). Билет құны 22 385 теңгеден басталады.

Өскемен — Қарағанды аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі). Билет бағасы 20 000 теңге.

Қазір Қазақстан халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіруді жалғастырып жатыр. Саяхатшыларға аптасына 227 маршрут бойынша 51 рейс қолжетімді.

21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасында әуе рейстерінің саны артады, ал қазанда Мальдивке рейстер ашылады. Сонымен бірге Оңтүстік Корея, Польша, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Кувейт және Әзербайжанға рейстерді жаңарту жоспарланған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да