Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері мен бағыттар саны артады

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен бірге екі ел өңірлері: Қарағанды, Шымкент, Ақтау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Санкт-Петербург, Махачкала, Грозный, Калининград, Новосибирск, Омбы қалалары арасында рейстерді ашу жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.

Қазақстан жағынан рейстерді Air Astana, Scat, Qazaq Air және Fly Arystan әуе компаниялары орындайды.

Қазіргі уақытта ұшу кестелері әзірленіп жатыр. 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстер санын аптасына 54-ке дейін ұлғайтуға рұқсат етілді.