Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Пермьдегі атыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар бар ма?

Фото: Ria.ru

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазан қаласындағы Қазақстанның бас консулдығының консулдық окургі бойынша қазақстандық студенттердің жалпы саны шамамен 5 мың адам.

Ал Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде 22 қазақстандық студент оқиды. Университетте болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандық студенттер жоқ, — делінген хабарламада.

Кеше Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс салдарынан 8 адам қаза тапты.

Мақалаға реакция