Ресейде университеттегі атыстан 8 адам қаза тапты

Дүйсенбіде белгісіз адам университет ғимаратына кіріп, қарумен оқ жаудырған. Студенттердің бір бөлігі оқу дәрісханаларына кіріп тығылған. Кейбіреулері терезеден секіріп түскен, – деді құқық қорғау органдарының өкілі.

Фото: Ria.ru

Белгілі болғандай, Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті ғимараттарының бірінің аумағында 1 курс студенті оқытушылар мен білім алушыларға оқ жаудырған. Шабуыл салдарынан сегіз адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтыланып жатыр. Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол ұсталу кезінде қаза тапты, –  деп атап өтті РФ ТК өкілі Светлана Петренко.

Мәліметтерге сүйенсек, ол өзінің Вконтакте парақшасында бұл шабуылға бұрыннан бері дайындалып жүргенін және оқу орнының сызба-нұсқасын қолына түсіргенін жазған.