Басты бет / Жаңалықтар /
қылмыс, жаза, түрме
Иллюстрация: Dribbble.com©Сорен Селлеслаг

Жамбыл облысында 35 жастағы ер адамға оқушыны зорлады деген айып тағылды

Жергілікті пабликтер ақпаратына сәйкес, 12 жастағы қыз 35 жастағы ер адаммен Instagram арқылы танысқан.

Облыстық полиция қылмыс туралы ақпарат Меркі аудандық полиция бөліміне түскенін хабарлады. Тәртіп сақшыларына балалар ауруханасына Меркі ауылының кәмелет жасқа толмаған тұрғыны жеткізілгені айтылған.

Меркі аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің «зорлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде бірқатар тиісті сараптама тағайындалды. Жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр, — делінген ведомствоның хабарламасында

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram