Алматы полициясы кісі қолынан қаза тапқан учаскелік инспекторлар туралы айтты

Алматы полициясының хабарлауынша, 39 жастағы майор Дархан Сүлеев құқық қорғау органдарында 18 жыл қызмет еткен.

1982 жылы 4 қаңтарда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Полиция қызметінде 2003 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі Тараздағы училищесінің курс бастығының орынбасары, кейін сол училищенің маман-инспекторы болып жұмыс істеді. 2004-2006 жылдары Алматының Әуезов аудандық ішкі істер бөлімі учаскелік полиция инспекторының көмекшісі болды. 2006 жылдан 2008 жылға дейін сол аудандық ішкі істер бөлімі учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды. Содан кейін жыл бойы белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін қабылдау-бөлу орнының кезекші бөлімінің инспекторы болған.

2009 жылдың маусымынан 2012 жылдың ақпанына дейін Алматының Бостандық ауданы ішкі істер бөлімі учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды. Келесі бес жарым жылда Алматының ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмыстық әрекетті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі болған.

2017-2019 жылдары аса қауіпті қылмыспен күрес бөлімінің аға жедел уәкілі болды. 2019 жылдан 2020 жылға дейін Алматының полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қарақшылықты ашу және қылмыстық топтарды әшкерелеу бөлімінің жедел уәкілі қызметін атқарды.

2020 жылдан 2021 жылға дейін Алматы қаласы ішкі істер департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, ішкі істер бөлімі Есболатов атындағы Алматы академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің магистранты болған.

Алматы полиция департаменті Алатау ауданының учаскелік полиция инспекторы болып осы жылдың тамызынан бастап жұмыс істеді.

Ішкі істер органдарында қызмет еткен жылдар ішінде алты рет көтермеленген, оның ішінде ІІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен, сондай-ақ «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісімен марапатталған.

Үйленген, кәмелетке толмаған бес баласы бар, ең кішісі әлі бір жасқа толмаған.

Дархан Сүлеев
Дархан Сүлеев. Фото: Александр Мироглов

Ал 33 жастағы полиция капитаны Нұрбол Байғазиев құқық қорғау органдарында жеті жыл қызмет етті.

1988 жылы 27 тамызда Алматыда дүниеге келген. 2011 жылы Алматы экономика және құқық колледжін, 2021 жылы Ішкі істер министрлігі Есболатов атындағы Алматы академиясын бітірген. Білімі бойынша – заңгер.

2014 жылдан 2020 жылға дейін Алматының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің бөлімшелерінде инспектор және взвод командирінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді. 2020 жылдың мамырынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Алматы полиция департаменті Алатау ауданы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі болды. Осы жылдың шілдесінде сол ауданның учаскелік инспекторы лауазымына тағайындалды.

Құқық қорғау органдарында қызмет еткен кезінде он үш мәрте көтермеленген. «Үздік құтқарушы жауынгер», сондай-ақ «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгілерімен марапатталған.

Үйленген, екі кәмелетке толмаған баласы бар.

Нұрбол Байғазиев
Нұрбол Байғазиев. Фото: Александр Мироглов

Еске салайық, 20 қыркүйекте 17.00-де “Ақбұлақ” шағынауданында Алматының Алатау ауданында атыс болған еді.

Үйден шығару туралы сот қаулысын туралы сот шешімін орындау кезінде осы үйдің тұрғыны – 1967 жылы туған ер адам озбырлық көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырған.

Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, қайтыс болды.

Күдікті ұсталды. Бүгінде жағдай бақылауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.