Алматыда ер адам 5 адамды атып өлтірді

Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға бүгін шамамен 17.00 -де екі адамның меншік құқығына қатысты дауы бойынша сот шешімін орындау кезінде болған. Сот шешімімен танысқан соң жергілікті тұрғын үйге жүгіріп барып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Бес адам, оның ішінде қызметте болған екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, қайтыс болды, — делінген Алматы полиция департаменті таратхан хабарламада.

Полицияның хабарына қарағанда, күдікті арнайы жасақ сарбаздарының қатысуымен ұсталған, қару қолданылмаған, өйткені үйде әйелдер мен балалар болған.

Қазіргі уақытта жағдай бақылауда, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.