Алматы әкімі атыстан қаза тапқандардың отбасына барды

Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданындағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында қаза тапқандардың отбасына барлық тиісті көмек пен қолдау берілетінін жазған еді.

Еске сала кетейік, 20 қыркүйекте сағат 17.00 шамасында Алатау ауданында сот қаулысының орындалуы кезінде ер адам 5 азаматты, оның ішінде 2 полиция қызметкері мен сот орындаушысын және үйдің жаңа иесін атып өлтірген. Енді күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады.