Ресейде 21 қыркүйек аза тұту күні болып жарияланды

Ертең Пермь өлкесінде аза тұту күні жарияланды, − деді аймақ губернаторы Дмитрий Махонин.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Пермь мемлекеттік университетінде белгісіз біреу травматикалық қарудан оқ атқаны туралы хабарлаған едік. Өкінішке қарай, атыс салдарынан 8 адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды.

Қазіргі таңда атыс фактісі бойынша екі және одан көп адамды өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар бүгін аймақта мектептер мен колледждердегі сабақтар тоқтатылды.