«Қызыл» мәртебесі бар қанша алматылыққа айыппұл салынды?

Олардың барлығы коронавирус жұқтырған және оқшаулау режимін бұзған.

«Аshyq» арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 235 адам әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі, − деп хабарлады департамент өкілі.

«Қызыл» мәртебедегі адамдар «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмейді. Құқық бұзушылардың толық тізімін мына жерден табуға болады.

Санитариялық-эпидемиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем алып жатқан азаматтарды өзін өзі оқшаулау режимін бұзбауға және азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады. Ал жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін өзі оқшаулау режимін сақтауға және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуға тиіс.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да