Геннадий Головкиннің қашан жұдырықтасатынын белгілі болды

Бұл туралы Vesti.kz тілшісі Sportarena.com порталына сілтеме жасап хабарлады.

Промоутер Том Леффлердің айтуынша, Геннадий Головкиннің қарсыласы белгісіз. Ал оның Сауль Альвареспен үшінші кездесуі 2022 жылы өтуі мүмкін.

Қазір Головкин Лос-Анджелес қаласында. Шаршы алаңға жылдың соңында оралуға ниетті. Бірақ әлі ешқандай келісімшарт жасалмады. Бірақ жылдың соңында ол шаршы алаңға шыққысы келеді, — деді Том Леффлер.

Альварестің DAZN платформасымен келісімшарты бар кезде оның қарсыласы Геннадий Головкин болуы керек еді.

Алайда 2019 жылы ол кездесу өтпей қалды. Бұл Головкиннің кінәсі емес. Олардың кездесуі енді 2022 жылы өтетін шығар, — деді промоутер.

Еске салайық, осыған дейін Геннадий Головкиннің қарсыласы орта салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері жапониялық Риота Мурата болуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді.