Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды қала күнімен құттықтады

Қала күнімен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, табыс пен бақ- береке тілеймін!, — деп жазды Алматы әкімі Instagram-парақшасында.

Бақытжан Сағынтаев Twitter-парағында қала күні қарсаңында бірнеше азаматқа құрмет көрсеткенін жазды.

Қала күні Алматының Құрметті азаматтарына құрмет көрсеттік. Олар қоғамдық және мемлекеттік қызметкер Т. Досмұхамбетов, музыкатанушы Ю. Аравин, Еңбек сіңірген сәулетші Т. Ералиев, «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Л. Қалтаева, Қазақстанның Халық әртісі Н. Нүсіпжан, — деді әкім.

Алматы, Сағынтаев
Фото Бақытжан Сағынтаевтың Twitter-парағынан алынды