Биыл 1 қарашадан бастап Қазақстандағы бірнеше жол ақылы болады

Бүгінде «Нұр-Сұлтан — Павлодар», «Шымкент — Өзбекстан шекарасы» (Ташкент), «Щучье — Көкшетау», «Қапшағай — Талдықорған», «Шымкент — Тараз», «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда» учаскелері ақылы жолдардың қатарына қосылуға дайын. Бұл учаскелер барлық қажетті құралмен жабдықталған. Аталған учаскелерді пайдалануға беру туралы бұйрық жобалары мемлекеттік органдардың келісуінде, — делінген хабарламада.

Бұл 1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 1 қазан айынан тестілік режимде, 1 қарашадан бастап нақты пайдалануға беріледі.

Ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшерлемесі 2013 жылы «Нұр-Сұлтан – Щучье» бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ және ол сол қалпында қалады. ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар. Аталған мәселе мемлекеттік органдардың келісуінде, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда ақылы жолмен жүру тарифі өзгермейді.