Мектепте эвакуация жолын жабуға қатаң тыйым салынды

Өртке қарсы қызмет комитеті басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиев қауіпсіздік талаптарына сәйкес барлық эвакуациялау жолы еркін және ғимараттан шығу бағыты бойынша ашық тұруға тиіс екенін айтты.

Әсіресе білім беру мекемесі көлеміне қарамастан, қауіптің жоғары дәрежелі түріне жатады, сондықтан оларға жыл сайын бірнеше рет тексеру өткіземіз. Биыл да оқу жылы басталғанға дейін еліміздегі барлық білім беру нысандары тексерілді. Қауіпсіздік ережесі сақталмаған білім мекемелеріне ескерту жасалып, нұсқама берілді, − деді ол ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ведомство өкілі мектепте бала көп, сондықтан эвакуация жолы толықтай жұмыс істеп тұруға тиіс екенін және есікті жабуға немесе уақытша бұғаттауға қатаң тыйым салынғанын еске салды.

Ерлан Төрегелдиев ғимараттағы қауіпсіздік ережесі сақталмаған жағдайда, жауапкершіліктің барын атап өтті.