Мурал Хәкімжанова, 5/1 мекен жайындағы үйдің қабырғасына салынды. Онда тарихи сәт бейнеленген — чемпионның Токиодағы Паралимпиада ойындарында алтын медаль алған сәті.
Еске салайық, Давид Дегтярев алтын медальді 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 174 келі зілтемірді еңсеріп, жеңіп алды.
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Токио Паралимпиадасынан жеңіспен оралған Давид Дегтяревке жаңа пәтер мен көліктің кілтін табыстады.
Қасым-Жомарт Тоқаев ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, сонымен бірге мемлекет тарапынан 106 миллион теңгенің сертификаты берілді.