Давид Дегтяревке жаңа пәтер мен көліктің кілті табысталды

Еске сала кеетйік, Токиода өтіп жатқан Паралимпида ойындарында ақмолалық парапауэрлифтер Давид Дегтярев ел қоржынына алғашқы алтын медаль салған еді.

Әкім құттықтау сөзінде өңірде спорт саласы қарқынды дамып келе жатқанын, әрі бұқаралық спортты дамыту үшін ауқымды жобалар іске асырылатынын жеткізді.

Спорт саласында 2 мыңнан астам маман еңбек етеді. Өңірдің қалалары мен ауылдарында 2,5 мың спорт нысанында 240 мыңнан астам әуесқой спортшылар жаттығады. Давид Дегтярев ақмолалық атлеттердің даңқты жеңістері жылнамасында лайықты орын алды. Біз оның жетістігін мақтан тұтамыз және зор денсаулық пен табыс тілейміз, – деді Ермек Боранбайұлы.

Аймақ басшысы чемпионға көліктің кілтін және 3 бөлмелі жаңа пәтердің сертификатын табыс етті. Ал оның жаттықтырушы Юрий Колесников 5 миллион теңге алды.

Мен жеңісімді тамаша еліме арнаймын, – деді Давид Дегтяров.