«Антиген» алаңында QazVac вакцинасы өндіріледі

Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын — Білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының серіктесі.

Институт «Антиген» алаңын пайдаланып, медициналық вакциналарды, соның ішінде QazVac шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаңды әзірлеп, іске қосты.

Осы мақсатта Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жеңілдетілген несие бойынша вакцина өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар сатып алынды. Қуаты айына 1 миллион дозаға дейін жететін «Антиген» алаңында 2021 жылдың қыркүйек айында QazVac вакцинасының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды, — делінген хабарламада.

Фото: Primeminister.kz

«Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны OtarBioPharm ЖШС жанындағы биофармацевтикалық зауытпен қатар Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген QazVac қазақстандық вакцинасын шығару бойынша екінші өндірістік алаңға айналды.