Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтанда ерекше...

Нұр-Сұлтанда ерекше бағдаршам тестілеуден өткізіледі

Қала қиылыстарында жарығы бар жаяу жүргіншілер бағдаршамы қолданылады. SWARCO өндірушісінің жаңа бағдаршамы әдеттегі дыбыстық функцияны толықтырады. Енді бағдаршамның қызыл жарығы тротуарға да түседі, тиісінше жаяу жүргіншілердің смартфонының дисплейіне де шағылысады. Жаяу жүргіншілер бағдаршамы жердегі жарықтандыру функциясын орындап қана қоймай, сонымен қатар телефонға телміріп жүрітіндердің қауіпсіздігіне айтарлықтай үлес қосады.

Жаяу жүргіншілер бағдаршамының жаңа моделінде мынадай артықшылықтар бар:

ымырт үйірілгенде және түнгі уақытта тротуарға қызыл жарық түсуіне байланысты бағдаршамның қызыл белгісі жақсырақ көрінеді;

смартфонның дисплейіне бағдаршамның қызыл сигналы түсуі арқылы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі артады;

тротуардың шетінде қызыл түспен белгіленген орындардың арқасында жаяу жүргіншілерді көлік жүргізушілері жылдам байқайды.

Бағдаршамның тәжірибелік нұсқасы 9 бағдаршам объектісіне қолданылды.

1) Жеңіс даңғылы, 45;
2) Абай даңғылы – Мұражай;
3) Пушкин көшесі – ЕҰУ;
4) Мұңайтпасов көшесі, 16;
5) Қорғалжын тас жолы – Думан;
6) Мәскеу көшесі – 14 мектеп;
7) Тұран даңғылы – Орталық саябақ;
8) Тәшенов көшесі – Алатау СК;
9) Жирентаев көшесі – 22 мектеп.

Оған қоса, дыбыстық жол көрсету жүйесі бар бағдаршамдар орнатылды. Бұл жаяу жүргіншілер, әсіресе, көзі нашар көретіндер үшін өте тиімді. Осылайша, жаяу жүргіншілер өткелінің қауіпсіздік жағдайлы едәуір артады.

Мұндай бағдаршамдар қаланың 7 объектісінде орнатылған:
1) Қабанбай батыр даңғылы – №17 мектеп;
2) Сейфуллин мен Уәлиханов көшелерінің қиылысы;
3) Қабанбай батыр даңғылы – AIU;
4) Республика даңғылы – Жастар сарайы;
5) Бөгенбай батыр даңғылы – Уәлиханов көшесі;
6) Қабанбай батыр даңғылы – Салтанат сарайы;
7) Алаш тасжолы – Жолымбет көшесі.