Жүргізуші куәлігін алушыларға емтихан тапсыру тәртібі өзгерді

Жаңа құжатқа сәйкес «Әртүрлі санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алуға теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауды оңтайландыру» қанатқақты жобасы қолға алынады.

Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» сайтында қоғамдық талқылауға шығарылып отыр. Ал қанатқақты жобаны 2021 жылдың 1 қазанынан бастап 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін іске асыру жоспарланған.

Сонымен бірге жүргізуші куәлігін алу үшін алдымен теориялық, одан кейін практикалық емтихан тапсыру қажет. Бұған дейін емтиханның бірін тапсыра алмаған адам келесі күні тағы шақырылатын еді. Енді жаңа бұйрық бойынша қайта тапсыру үшін арада кем дегенде бір тәулік өтуі керек. Бұл өзгерістер теориялық және практикалық емтиханға да қатысты.

Теориялық емтиханды тапсыруға бір күн қалғанда электронды үкімет порталы арқылы өтініш беріп, нақты күнін, уақытын және орнын таңдауға мүмкіндік бар. Бірлескен бұйрықтың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.