Нұр-Сұлтанда Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш орнатылды

Былтыр тамыз айында қазақтың даңқты ұлы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіров дүниеден өткен еді.

Ескерткіш Қабанбай батыр даңғылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайының алдына орнатылды. Ашылу рәсіміне мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы Данияр Елеусінов арнайы қатысты.