Қазақстаннан Ресейге ұшатын әуе рейстерінің саны артады

Биыл 31 тамызда Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның  кезекті отырысында Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстер санын ұлғайту мәселесі талқыланды.

Осылайша, 2021 жылдың 22 қыркүйегінен бастап «Qazaq Air» әуе компаниясы аптасына 1 рейспен Ақтөбе – Қазан бағытында ұшуды бастайды.

Ресеймен арадағы рейстер санының одан әрі ұлғаюы эпидемиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссияның және Ресей Федерациясындағы тиісті мемлекеттік органдардың шешімдеріне байланысты болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.