Боранқұл кен орнында өртенген жатақханада 10 адам болған

Қалған 6 адам өзге жатақханаға көшірілген. Қазір уақытта өрт сөндірілді. Тілсіз жауды сөндіруге «ҚазМұнайТеңіз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Оқиға орнына «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС филиалының басшылығы барды, — делінген хабарламада.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен оперативтік штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.

Боранқұл, өрт

Боранқұл, өрт
Фотолар Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

Еске салайық, бұған дейін Боранқұл кен орнындағы жатақханадан шыққан өрттен екі адам қаза тапқанын хабарланды. Оқыс оқиға Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шашамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнындағы екі қабатты жатақханада болған.