Мәжіліс премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне Нұрлыбек Нәлібаевтың кандидатурасына келісім берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақорданың мәліметінше, парламент мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың кандидатурасы келісілді.
Мәселе «Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
