Педофилдерді жазалау тәртібі күшейді

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз педофилдерге бақылау күшейгенін және жазасын өтеген педофилдерді электронды бақылау құралдары арқылы бақылауда ұстау бар екенін атап өтті.

Кейінгі жылдары полиция педофилдерді бақылау шартын едәуір күшейтті. Енді олар жазасын қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемелерінде өтейді. Сонымен қатар тараптарды татуластыруға, шартты түрде соттауға, жазаны неғұрлым жұмсақ түрге ауыстыруға және шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Министр қызметтер мен бөлімше басшыларына кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстармен күресудің қосымша шараларын белгіледі, − деді ол онлайн брифингте.