Боранқұл кен орны жатақханасындағы өрттен екі адам қаза тапты

6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шашамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шықты, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша оқиға кезінде екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған.

Оқиға орнына «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС филиалының басшылығы барды. Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен оперативтік штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.