Алматы қаласында жер сілкінді

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 сағат 52 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы 594 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.5. Магнитудасы –5. Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңдікте болған.