Нұр-Сұлтандағы мектептердің бірінен өрт шықты

Бүгін 9 сағат 4 минутта Өрт сөндіру қызметіне Байқоңыр ауданы Иманбаева 4 мекенжайында орналасқан № 54 мектеп-лицейінде өрт болып жатыр деген хабар түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде кіре берісте 1 қабаттағы төбе жабындысының бықсып жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің  жедел әрі үйлесімді әрекетімен өрт 15 минут  ішінде толығымен сөндірді, − деп хабарлады ТЖД.

Өрт аумағы 8 шаршы метрді құрады. Оқушылар өрт сөндірушілер келгенше эвакуацияланған. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқу процесі жалғасып жатыр. Өрт сөндіруге 8 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды.