Елімізде 5,5 миллионға жуық адам вакцинаның екі компонентін салдырды

1 қыркүйектегі дерек бойынша елімізде 6 709 478 адам вакцина салдырды. Олардың 5 502 652-і вакцинаның екі компонентін де алды, – делінген хабарламада.

Вакцинация бойынша Алматы қаласы мен облысы көш бастап тұр. Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін 873 489 адам салдырған. Ал Алматы облысында екпе алғандар саны – 678 912.

Ең төмен нәтиже Мағыстау облысында тіркеліп отыр. Өңірде 141 246 адам коронавирусқа қарсы екпенің бір компонентін салдырған.

статистика

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 4 880 адамнан коронавирус анықталды. Коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 114 науқас қайтыс болды.