Коронавирус пен пневмония жұқтырған тағы 114 қазақстандық қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 2 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 104 835 адам (–97 696 + және 7 139 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 22 388 пациент, амбулаторияда 82 447 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 590 адамның жағдайы ауыр, 479 пациенттің жағдайы өте ауыр. 226 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

статистика

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 4 880 адамнан коронавирус анықталды.