Қазақстанда бір тәулікте коронавирусты 4 880 адам жұқтырды

Жаңа дерек Алматыда көп тіркелді, қалада өткен тәулікте 1 264 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Сонымен бірге Қарағанды облысында (+648), Нұр-Сұлтанда (+315) инфекция жұқтырғандар көп.

Өңірлерде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда —  315;
Алматыда — 1 264;
Шымкентте – 180;
Ақмола облысында – 246;
Ақтөбе облысында — 302;
Алматы облысында — 282;
Атырау облысында — 198;
Шығыс Қазақстан облысында — 201;
Жамбыл облысында — 99;
Батыс Қазақстан облысында — 140;
Қарағанды облысында — 648;
Қостанай облысында — 237;
Қызылорда облысында — 133;
Маңғыстау облысында — 239;
Павлодар облысында — 265;
Солтүстік Қазақстан облысында — 75;
Түркістан облысында — 56.

статистика

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 798 671-ге жетті, оның 691 480 жазылып шықты.