Басты бетҚоғамЖамбылдағы жарылыс:...

Жамбылдағы жарылыс: қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі

15 адам қайтыс болды. Осы қайтыс болған қызметкерлерге тиісті көмек беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Республикалық бюджеттен 10 миллион, оған қоса, жергілікті бюджеттен 5 миллион теңге әлеуметтік төлем төленетін болды және қазір банктермен жұмыс істеп жатырмыз. Несиелері болса, көмек беру немесе қысқарту мәселесі, — деді Талғат Шадиұлы Aibat жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында.

Талғат Шадиұлы сонымен бірге үй кезегінде тұрғандар мәселесі де қарастырылып жатқанын және мұны қосымша хабарлайтынын айтты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @aibat__kz

Еске салайық, 26 тамызда кешкі уақытта Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада жарылыс болды. Салдарынан 15 адам қаза тапты. 10 марқұмды президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградамен марапаттады.

Қазақстан халқы 29 тамызда Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандарды аза тұтты.