Қазақстанда 2024 жылы аудан әкімдерінің сайлауы өтеді

Біз қол жеткізген нәрсемен шектеле алмаймыз. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау, бюллетеньдердегі «бәріне қарсы» бағанасымен тоқтап қалмауымыз керек. Саяси реформаларды жалғастыруымыз қажет, − деді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен жастардан басқа, билік органдарында ерекше қажеттіліктері бар адамдар болуы керегін, сондықтан ерекше қажеттіліктері бар адамдарға квота енгізу қажеттігін баса айтты.