«Балалар оқуды тастап жатыр». Президент Үкіметке тапсырма берді

Президенттің сөзінше, қашықтан оқытуға барлық жағдай жасалуы қажет.

Бұл оқушылардың базалық білімді білмейтінін көрсетті. Балалар оқуды тастап кетіп жатыр. Себебі қажеттілік жоқ деп есептейді. Үкімет бұл мәселеге кірісуі керек. Қашықтан оқытуға барлық жағдай жасалуы керек. Біздің білім беру жүйесі онлайн да қолжетімді болуға тиіс, — деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қаңтардан бастап педагогтардың жалақысы 25% көбейгенін айтты.

Алдағы үш жылда бұл мақсатқа 1,2 триллион теңге бағыттаймыз. Бұл шаралар жемісін беріп жатыр. Педагогика мамандығына түсудің балы артты. Мұғалімдерді қолдау саясатын жалғастырамыз. Жаһандық өзгерістерге сәйкес, түлек оқу аяқтағанша нарықтағы жағдай өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан жауапты министрлік жаңа жағдайға оқу бағдарламасын бейімдеуі қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.