Алматы Антикорында жаңа оқу жылына дайындық барысы айтылды

Тікелей эфир барысында спикер білім беру мекемелеріне енгізілген өзгерістер, білім беру объектілерінде қандай санитарлық талаптар қолданылатыны, сондай-ақ алдағы жоспарлар туралы айтып берді.

1 қыркүйектен бастап қалада 280 мектеп ашылады, онда 300 мыңнан астам оқушы білім алады. Сондай-ақ, 82 колледж жұмыс істейді, онда 68 мыңға жуық студент оқиды.

Жаңа оқу жылына дайындық барысында санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінді. Барлық білім беру мекемесінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар 100% сақталатын болады. Осыған байланысты қажетті шаралар қабылданып отыр.

Қаланың барлық білім беру ұйымы Ashyq жобасының қатысушылары болып табылады. Бұл қосымша балалардан басқа мұғалімдер, қызметкерлер және ата-аналар үшін жарамды болады.

«1-сынып-1кабинет» қағидаты бекітілетін болады. Оқушылар бір кабинеттен екіншісіне ауыспайды.

Тиісті уәкілетті органдардан үнемі байланыста болып, коронавирус инфекциямен ауыратын адамдар туралы ақпарат берілетін болады. Байланыста болған немесе СOVID-19 ата-анасы ауырған жағдайда, балалар онлайн оқытылады. Бір оқушы ауырған жағдайда сынып қашықтықтан оқытуға жіберіледі.

Сондай-ақ, тікелей эфир барысында Ләззат Жылқыбаева бүгінде 2-11 сынып оқушылары 100% оқулықпен, ал бірінші сынып оқушылары тамыз айының соңына дейін оқулықтармен қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Сұхбатты көру үшін Сіз мына сілтемеге өтуіңіз керек: https://www.facebook.com/100010469199794/videos/424528432296292/

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да