Сәтбаевта белгісіз біреу ер адамды өлтіріп кетті

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» әрекеті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Оқиға орнында Қарағанды облысы Полиция департаментінің және Сәтбаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр, − деп мәлімдеді баспасөз өкілі.

Қазіргі уақытта қылмысты ашуға барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралары бағытталған.