Басты бет / Жаңалықтар /
7bc8b7597bc9b2719c9f013c5f60bebf Қорғаныс министрлігі қаза тапқандардың балаларын өз қамқорлығына алды
Фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігі қаза тапқандардың балаларын өз қамқорлығына алды

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Тараз қаласының емдеу мекемелерін аралады. Ол стационарда емделіп жатқан адамдардың хал-жағдайымен танысты.

Атап айтқанда, оларға заңнамада белгіленген төлемдер мен жеңілдіктерді алу тәртібі де түсіндіріледі. Бұдан басқа, Мұхамеджан Таласов зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

Біз тиісті өтемақылар мен жәрдемақыларды төлеуге байланысты мәселелерді мүмкіндігінше тезірек шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қажет болған жағдайда отбасы мүшелеріне жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ қаза тапқандардың балаларына қамқорлық көрсетеміз. Бұл ретте оларды Қорғаныс министрлігінің білім беру орындарына оқуға қабылдауға жәрдем көрсетіледі, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram