Шавкат Мирзиеев Қазақстан президентіне көңіл айтты

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Өзбекстан басшысы Жамбыл облысында болған қайғылы да төтенше оқиғаға байланысты Қазақстан президенті мен халқына көңіл айтты. Шавкат Мирзиеев қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қолдауы мен жұбату сөздерін жеткізуді сұрап, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Әңгімелесу барысында тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдайға қатысты пікір алмасты.

Мемлекеттер басшылары екіжақты және көпжақты деңгейде тығыз байланыстарды нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беруге мүдделі екендерін нақтылады.

Еске салайық, кеше, 26 тамызда Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да