Әскери бөлімдегі өртті сөндіруге аттанған бірнеше қызметкер жоғалып кетті

Бұл туралы төтенше жағдай министрі Юрий Ильин брифингіде айтты.

Байланысқа шықпаған бірнеше қызметкерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, — деді министр.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі жарылыс пен өрт салдарынан 90-ға жуық адам зардап шеккенін хабарлады. Оның 49-ы – ТЖ департаментінің қызметкерлері.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі қоймадағы жарылыстан алты әскери қызметкердің қаза болғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта ауруханада 28 адам жатыр, оның алтауының жағдайы ауыр. Олардың барлығы дерлік әскери бөлімнің қызметкерлері.