Қыркүйектен бастап мұғалімдердің жүктемесі азаяды

Ал сабақтың ұзақтығы 45 минут болады. Барлық білім беру ұйымдарында цифрлық платформаларға қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Мысалы, 1-11 сынып оқушылары Білім және ғылым министрлігі ұсынған мазмұнды платформаларды пайдаланатын болады.

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заң аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі:

— Орта мектеп оқытушылары үшін – 16 сағат;

— Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарына және білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін – 18 сағат болып бекітілді.

Заңның аталған нормалары 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.