Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Талапкерлеріміз үшін бұл жақсы жаңалық деп санаймын. Бұл ретте құжат қабылдау мерзімдерін ұзарту бойынша келіп түскен өтініштер саны ескерілді. Білім беру гранттарының иегерлеріне де, ақылы негізде оқуды жоспарлап отырғандарға да мүмкіндік берілді, — деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Еске салайық, бұған дейін ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет болатын.
Айта кетейік, білім гранты иегерлерінің өтінімдері eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы да қабылданып жатыр.
Ақылы негізде оқу үшін жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссияларына жүгінуге болады. Олардың тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.
