Білім гранты иегерлері университетке құжаттарын 25 тамызға дейін тапсыруы керек

Бұл үшін е.Gov.kz порталы арқылы өтініш беру қажет.  Қызмет түрі 2021 жылдың 17 тамызынан бастап қосылады.

ЖОО-ға ақылы негізде қабылдану үшін университеттердің виртуал қабылдау комиссияларына жүгіну қажет.  Тізім Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналасқан, — деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің Telegram-каналы.

Еске салайық, 14 тамызда 2021 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.

Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 75 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды.