Америка 6 мың қазақ баласын асырап алған

Шетел асқан қандастарымыздың хал-жағдайы жайлы мәліметтерді осы аз ғана консул беріп отырады. Министр Ерлан Ыдырысов алпауыт елден 6 мың бала жайында ақпарат алу да қиын екендігін де жеткізді. Ал бес жыл бұрын дәл осы елде жоғалған бала туралы сұраған журналистерге министр қатқыл жауап қатты.

«Кейбір жайттардың анық-қанығын білмеймін. Барлығын бақылай алмаймыз ғой. Сондықтан да Америкаға қатысты деректерді әлі де тексеру керек», -деді Ерлан Ыдырысов.

Осыдан біраз уақыт бұрын Америкада қазақстандық екі баланы ерлі-зайыпты ұзақ уақыт қамауда ұстап, зорлық көрсеткені жайлы хабар түскеннен кейін бала беруге тыйым салынған. Сондықтан министрлік балалар туралы толық ақпарат қолға тимейінше, АҚШ-қа бала бермейміз деп отыр.

 

Дереккөз31.kz